Үп-үлкен, жұп-жуан қалпында. ~ Енді міне, қандай рақат, жардай болып жатқан енесінің қабырғасына соғылсаң да, өркешіне соғылсаң да әрі жылы, әрі жұп-жұмсақ. Ғ.Мүс. ~ … енді мына Күләйдің айқайы шыққанда қайтадан жардай боп үлкейіп өсіп, шабатын арыстандай қаһарланып кетіпті. Ә.Тар. ~ Расында, ертеңінде таңертең бұлар өз қораларында қарны жардай боп, арам өліп жатқан тоқал сиырдың үстінен түсіпті. Д.Әш. ~ Қыз көзінен ыстық, жас парлап ақты. Жылап жіберіп, жардай болып төбесімен шаңырақ тіреп тұрған ағасының соңғы жылдары томпиып шыға бастаған қарнына бұл бетін басты. Ә.Тар.
