Posted in

ЖАРДАЙ ЖІГІТ

Денелі, ер тұлғалы, еңгезердей. ~ Ауырлықты елемейтіндей, ер мінезді, жардай жігіт екенсің. Бірақ жалған намыс- қасиет емес, арды сақтаған қасиет. Т.Рыск. ~ Ой, дүние-ай!— деп қалды кептің ішінен бір әйел дауыс. Қапалы, өкінішті біреу болса керек. Жұрт та, Арлыбек те жалт қарағанда көршісі Қалиман деген кемпір екен. Екі көзінің серлеген-парлаған жасын сүртіп отыр.— Жардай жігіт еді, ит кемірген қу асықтай болыпты ғой,— деді ол тағы да. Б.Қыд. ~ Көтеріп күймесінен алды жеңіл Бір жігіт, кіргізуге Майраны үйге. Бұл жігіт қандай жігіт? Жардай жігіт. Тұлғасы адам емес, нардай жігіт, Көтеріп төбесіне тоқтап тұрып Майраға айтты сөзін арнай жігіт… Ә.Тәж.