Бойды билеп, еліткен жастық қызу, желпініс. ~ Бұл күнге дейін: «Махаббатсыз дүние бос, өлдіге оны санаңдар» деп жан-тәніммен беріле ойлаушы ем, қазір қарасам бәрі жастықтың желігі екен. Б.Тоғ. ~ Елітер ескі бір үнге, Көшелер ақ жаңбыр жуған. Жұтылып кетуші ем түнге, Жастықтың желігі буған. Ұ.Дәб. ~ Құлақ бар – бір баста екеу, айтқан сөз ұғатұғын, жастықтың желігі ме, ата-ана ұлағаты құлақтан шығатұғын. Қ.Кенж. ~ Ол бір жастық шақтың желігі еді ғой… – деп даусын созыңқырап тоқтады. Бірақ енді… Күнде келіп жатқан жоқсың, бұдан кейін кездесеміз бе, жоқ па… меселіңді қайтарғаным жөн болмас. Б.Тоғ.
