Posted in

ЖАТ МІНЕЗ

Оғаш қаракет; ұнамсыз іс-әрекет. ~ Өзімшілдік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, мансапқұмарлық совет қоғамына, совет халқына жат мінез, сорақы қылық. Ғ.Мұст. ~ Мұның бәрі тегін емес. Ауадан да жат мінез сезіледі өктем. Т.Әбдікәк. ~ Жат мінез, жаман ойдан аулақ ақпын, Өмірден жақсылықты ауламақпын. Арманмен жалғастырса мені тағдыр, Тағдырдан бақытты өзім дауламақпын. М.Айт.