Арам ойын жасыра жарамсақтану, бара-бара басыну мағынасында айтылады. ~ «Жата-жата жамбасқа, жата келе қойынға», қарай көр мұның құтыруын! – деп кіші әкесі өне бойымен селкілдей күліпті. Қ.Шаб. ~ Қазақта “жиен ел болмас” деген бар. Өзге ұлттан туған жиендер көбейсе елдің көкесі сонда болады. “Жата-жата жамбасқа, келе-келе қойынға” дегенді осындайдан айтса керек. БАҚ “ФБ”.
