Posted in

ЖАТА ЖАБЫСТЫ

Қайта-қайта өтініш айтып, қыр соңынан қалмады. ~ “Ал оны көруге бола ма?” деп жата жабысқан бекке бұл тағы: “Бөтенге көрсетпеуші едім, сен айтқасын енді лаж жоқ…” деп солқылдақтық жасайды. О.Сәрс. ~ Оларыңның өзі бір ит екен! — деді. — Қызылша суғарып жүр екен. Мінгіз-мінгіз деп жата жабысты… Е, жарай-ды… Мінсең, мін. Мініп еді, ұша бергенімде көзі алақандай боп… ақырып-бақырып, мені бас салды. Ә.Тараз.