Әлдебір күмәнді іске біреуді айдап салып, пайдасын көру туралы. ~ Сондай жаттың қолымен от көсеп, жаттың дәулетін жамбасқа басатын қарқаралы дәурен Россияның да басына туып тұрса, одан қайтып бас тартпақшымыз? Ә.Кек. ~ “Мүмкін, – деді әкей ойланып барып, – әлгі өкіметті басып алған балшабектер сол тегі бөлек дию-перінің қолымен от көсеп отыр ма… М.Мағ. ~ Қайдам, апайдың қолымен от көсеп жүрмесе… – деді мына әңгіме өрби бастаған кезде кетіп қалған Жапарды еске алып… М.Қаб. ~ Кегің кеткен Құнанбай балаларын осы бетіңмен бір соғып қал, соқтығып қал!» дейді. Менің қолыммен от көсемек болады. М.Әу. ~ Мұндайда арқа сүйейтiнi – КГБ-ның бастығы Миронин. Соның қолымен от көсейдi. Т.Сәу.
.
