Ещкім тиіспейді, түк болмайды, еш қауіп жоқ д.м. ~ Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. М-М. ~ Бүгінгі, ертеңгі қазақ өзіне арқа сүйеу іздеу керек. Мемлекет мықты болғанда ғана бізді жау алмайды. Мемлекет мықты болу үшін негізгі халқының саны көп болу керек. Ж.Баб. ~ Облысымның орталық мешітіне: «Мен тірі тұрғанда, сені жау алмайды!» деп өзім сайлаттырып қойған ешкібас имамымның да көзі ашық, азаннан ақшамға дейін жұртқа: «Сендерге құдайдың өзі де түзу, көзі де түзу. Басқаның көздеріне қарамаңдар»! деп өсиет таратудан жалықпайды. Ғ.Қаб.
