Posted in

ЖАУ БҮЙРЕК

Қазақтың ұлттық тағамы. ~ Қозының құйрық майына бауырсақ пісіріліп, ет алдыға келгенше, жау бүйрек жасалды. Үйіне қонақ келіп, қозы сойылғанын қайдан білді екен? Т.Рыск. ~ Қазір бір тоңазыған ет жеп тоялықшы,— деп лепіріп те қойды. Бірақ тоңазытқыштан шыққан ет жолдасы екеуін қатты жұтқындырып, құр тамсантқаны болмаса ауызға түспеді. Өйткені піскен тіл, жау бүйрек, құйрық-бауыр бәрін де қыста далаға түнеген тоқтыдай қырау басыпты, тістеуге келмей, мұз болып қалыпты. Б.Қыд.