Айтыла-айтыла тозығы жетіп, қажып-мұқалып, мезі қылған сөз, ой, ақыл, мәтел хақында. * Осыдан кейін әбден жауыр болса да, ұлы Пушкинше «Махаббат жасқа қарамайды» деген қанатты сөзін қалай есіңе түсірмессің! І.Ес. * Бұл кешегі мен бүгінгі күннің адымы. Осы бір «кешегіміз», «бүгінгіміз» ─ деп өткендегі шағыңды қазіргінің молымен салыстыра беру дегеннің өзі жауыр болған көне әдіс қой. С.Шай. * Ең болмаса, жайшылықта сарт мезiретiмен айтыла-айтыла жауыр болған “ұзақ жылғы жемiстi еңбегiңiз үшiн рахмет айтамыз…” да жоқ. Т.Сәу.
