Жорта қошемет көрсетті, мақтады. * “Берген перде бұзады” демекші, бергенді кім жек көрсін, ас та төк тағам, мол арақтың қызуымен шалқып отырған байсалды жандарал да жеңілтек мінезбен Нұртазаның жауырынан қағып: – Тегінде, сіз болыстыққа жаралған адамсыз, өңіңізден ел басқаратын адамның нышаны ғана көрініп тұрады, мәселеңізді қайта қарау керек екен, – деп қалған. С.Жүн. * Арлы-берлi бiр парақтап шығып, көзi күлiмдеп қоя бердi. “Молодец, Айтуарчик!” деп жауырынан қақты. Сол жолы өзiңе үлкен сенiм артамын, бұл еңбегiңдi ескеремiн дегендей емеурiн танытқан. Т.Сәу.
