Әупірімдеп әрең жетті. ~ Сонда да жұрт базарға шұбырып жатады. Отыз-қырық шақырым жердегі базарға жаяу-жалпылап зорға жетеді. Ш.Айт. ~ Тоқ етерін айтқанда, қасқыр жеген жеті қой үшін, Бесбасбай жалғыз түйені тартып алды. Көшетін көлік жоқ, көлдің басында жалғыз үй қалдым. Жақын ел қарақалпақтар. Жаяу-жалпылап сонда жеттік. З.Шүк. ~ Поездiң келуiне екi сағаттай-ақ қалды. Станцияға жаяу-жалпылап жетем дегенше қай уақыт. Жайылған дастарқаннан шала-шарпы дәм татты да жолға жиналды. Т.Сәу. ~ Әкесі марқұм аупарткомның үшінші хатшысытұғын. Қайта құруыңыз қозған жылдары. Қызмет көлігі жоқтұғын. Жаяу-жалпылайтын. М.Байғ.
