Posted in

ЖЕГІДЕЙ ЖЕДІ

Жүрегін сыздатты; ойынан кетпеді. ~ Күнде көзін қызықтырып, бай қыздарының сәнденіп, құтырынып жүргені анау. Бұл ой Шекердің басын жегідей жеді. Ж.Айм. * Кейін осы қорқыныш ішін жегідей жеді. «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді». Т.Әл. * Тұт ағашын жеген құрттай бір қайғы Жегідей жеп кетті-ау менің жанымды. Ж.Жұмат.