Posted in

ЖЕЗ МҰРТ (МҰРТТЫ)

Сарғыш тартқан (мұртты) туралы. ~ Соның қайсысы озық дегенде: — Мына кісінің бригадасы,— деп көпшілік жез мұрт, қаба сақал, қаршыға көз біреуді нұсқады. Мұның аты — Шанаев Байғожа екен. С.Мұқ. ~ Оны көргеннен-ақ Әлидің іші қылп ете қалған. «Тентек Шодыр» атанған жез мұрт, жау қабақ, шегір көз «қайнағасымен» жолықпай-ақ қойсам деп жүретін. Б.Тоғ. ~ Әлгі жез мұрт қайда, басын тырнайық! З.Иман. ~ Каникулға шығып, жүрегі алып-ұшып, көптен сағынған үйіне асығып бара жатқанда, билетсіз Ақиқатты тікірейген жез мұртты, дөп-дөңгелек сары көзді, қалың қабақ ревизор бұра бастырмай, тамбурда тұрған жерінен ұстап алып, қатты қысушы еді-ау. Ш.Мұрт.