Posted in

ЖЕЗДЕЙ ҚАҚТАДЫ

а) Жеті-атасынан бастап сыбады. * Жер жүзіндегі лас, жиренішті атаулар борандай бұрқап, аузы-мұрнын сыбап, жеті атасын жездей қақтап, қарғап-сілеп шыққанда Боранқұлдың шыбын жаны шыға қашпай қалды ғой әйтеуір. Ғ.Біл. ~ Жәкеңді жалғыз жібермей, біреуміз ере барып, Көкбаевтың жағдайымен дұрыстап танысуымыз керек, — деді Машанов. — Мені жіберіңіздерші. Бәлемнің асты – үстін жездей қақтап, көкесін көзіне көрсетейін, — деді Таубай. Қ.Жұм.
ә) Түгелдей, түк қалдырмай. * Қиығынан күлкі қашып жаймашуақ маздаған сәл қысыңқы қоңырқай көздері бетіңе бір қарап-ақ іші-сыртыңды жездей қақтайтын. Т.Сәу. *Асты-үстімді жездей қақтаған екенсіз. Мұртына қарай іскегі, дұрыс қой. Бәрі рас. Ант ұрған автолавщик алты қара тонды фермадағы туған-тумаларына таратып беріпті. М.Қаб. * Тон бұйырмас кедейге көктен тері жауса да, Байға құдай болысқыш артқан теңі ауса да. Бұзауы өлген сиырдай тақыс тірлік тас желін, Жібімейді жарлыға жездей қақтап сауса да. Н.Айт.