Posted in

ЖЕЛ БЕТІ

Әлдебір мекеннің желге ашық, қыр жағы. ~ Қыстауым Сырымбеттің жел бетінде, Мың қарғыс, сені өлтірген жендетіңе! «Алыс жер, апарма!»- деп қақсап еді, Қарармын енді қалай ел бетіне…» І.Жан. ~ Сырымбет тауының жел бетін мекендеген Тәні, Айғанымның құдаларын үйіне шақырып, айта қаларлықтай сыйлаған. С.Мұқ. ~ Сен тым еркін тұрасың. Бұза жарып, қойып қаласың. Кім көрінгенге сырыңды айтып ағыңнан жарыласың да отырасың. Кімін, ол сенің? Екі туып бір қалғаның емес қой… Жолдың жел бетіне шықшы. Қарсы машина келе жатыр. М.Сүн.