Көңілі бұзылып, елірді, қозды, көтерілді; желікті. * Қорқынышты да, қуанышты да, әрі-сәрілікті де басқа түйсік билеп, бәрінің көкірегіне жел бітіп, елеурей бастады. Т.Әл. * Қаладан келген аты бар, сауатты деп бастық бұны кеңсеге отырғызып қойды. Жұмысының ыңғайы солай ма, әлде ана жақтың тәпсісі ұрып жел бітіп қайтқаны ма, бұрынғысындай емес, шолақтау киінетін болды. М.Қаназ. * Құлтай келгеннен кейін де үш-төрт тост көтерілді. Екі-үш рюмкадан кейін бұған да жел бітейін деді. «Әй, несі бар, бір есептен осылардыкі де дұрыс. Жастық шақта күліп-ойнамағанда…— деп ойлады … С.Ас.
