Posted in

ЖЕЛ БУАЗ СӨЗ (ӘҢГІМЕ)

Дәйексіз бос сөз, алып-қашпа әңгіме. ~ Жатты нағылайын. Осыны ойлайтын жақындарым болса керек. Əйткенімен желбуаз сөзге қомпиятын мен емес, мен де есімді білем. Кеңес қызметкерлері бола тұрып, жатының болсын, жақынының болсын… қойған көпшігін айырмай нағыпты. Ж.Айм. * Әлгі бір ұлы әміршінің басқан ізін жырға қосып, дастан қылып отыратын ақындардың өлеңдері оған әуелі әншейін жел буаз сөз сияқты көрінетін еді, қазір оларға да ынт-шынтымен ұйитын болды. Ә.Кек. ~ Арыңа қылау түсіріп, көзіңе шөп салсам ертеңгі таңды көрмей өтейін, Наурыз… Жесір әйел де жел өтінде тұрған каңбақ сияқты. Желбуаз сөз ергіш… Дөңгелентіп ала жөнеледі. М.Сүн. ~ Қазір күллі әлемді ішінде іліп алар бір дәнегі жоқ, өңшең желбуаз сөздер көтеріп тұр. Қ.Жиен. ~ Дастарқан жайылған соң жаңағы жел буаз әңгіме де басылыпты. Ә.Кек. ~ Өзі әлгі Мекенай айтыпты деген шын сөз бе, әлдекімнің айтаққа аттан қосып, дуылдатып жүрген жел буаз сөзі ме? К.Сег