Posted in

ЖЕЛГЕ МІНСЕҢ ЖЕТКІЗБЕС

Адамның жүрдек ойына, ұшқыр көңіліне, биік мұратына ешқандай жүйрік ат жете алмайды д.м. ~ Күн артынан күн туар, Бір күн дамыл еткізбес, Ой артынан ой туар, Желге мінсең жеткізбес. Абай. ~ Көңілдің айықтырып бұлтын басқан. Кеудемде сайрағандай шыр-шыр етіп, Даланың бозторғайы бір тынбастан. Жеткізбес желге мініп өмір қусаң, Қыры бар құпиялы көңілдің сан. Қ.Бұғ. ~ Қарлы боран үйіріп, құзға қатер төнгенмен, Сұңқар сірә тастамас өз ұясын жем берген! Жаралғалы жалғанның тетігі жоқ жөнделген, Жете алмассың мұратқа желге мініп желгенмен. Н.Айт.