Posted in

ЖЕЛДЕЙ ТАРАДЫ

Ә дегенше бүкіл елдің құлағына жетті. ~ «Көбейдің анекдоты» деген қайдағы бір өсек сөздер ел ішіне желдей тарап кетіпті. Кейіпкері тағы осы Айтқали. Ә.Асқ. ~ Біраз уақытқа дейін аңдығандары Жүсіптің үйі болды. Тіпті бірнәрсе сұрағансып үйіне кіріп шыққандары да бар. Ертесіне-ақ Жүсіптің үйі туралы әңгіме ауыл ішіне желдей тарады. Ф.Жүн. ~ Баталы жанға бақ қонады дегендей, Нариманның содан кейінгі өмірі ертегіге бергісіз, ұзын сонар жырдай жалғасып кете барған. Мерейі тасып, мейманасы асты, жас өмірі өрге домалады. Ауыл арасында «Нариман тіпті де жетім емес екен, туған әкесі табылыпты» деген дақпырт желдей тарады. Ә.Асқ.