Сылтауратты. ~ Көкпар әкелуші желеу айтты. – Ау, күн батты ғой. Ат пен адам майып болады. Ертең келіңдер, көк серкеге бергісіз қара лағымды бауыздап, көздің суына салып қояйын. Т.Әл. ~ “Иә, жол болсын, Зия?”. Мәрзияның аңқаулығы сондай жақауратып басқа желеу айта алмады, ал шын шындықты айтпады, “жәй, әшейін, шашылып жатқан дүниелерімді жинастырып қояйын деп едім” — дей салды. Ә.Тар. ~ Бұған Шынардың уәделі мерзімде келмей қалуы да қамшы болды. Шынар хатында қырық құбылып, жетпіс түрлі желеу айтқан. Т.Әл.
