Қызбалыққа салынып егесу, еліре тайталасу мағынасында. ~ Абайға мұндай дүниелік жайында ешуақытта тарлық еткен емес-ті. Қазіргі де қатты жүрістерін жай балалық, желік жарыс қой деп білген. М.Әу. ~ Конькиші қыз қиялап, Осы бір сәт қашты алдан, Жүрегіме ұялап, Желік жарыс басталған. Арман қуу қайғым ба, Қуа-қуа таядым. Бірақ жалтыр айдында, Тайып кетіп аяғым, Жете алмай қап құлағам… Ш.Сар.
