Posted in

ЖЕЛІМ АУЫЗ

Аузында сөз тұрмайтын мылжың, саққұлақ. ~ Боранқұл Семей түрмесінде жатқанда өсекті қаға беріс еститін «желім ауыздардың» бірі «Боранқұл атылып кетіпті» деп жеткізеді. Ғ.Біл. ~ Үкітай үйінің жанынан қара сиырын қуа жөнелген Тұрған кемпір, кимешегінің екі самайынан шашы шығып, екі етегінің шалғайы екі жаққа кетіп, Үкітай үйіне ен жақын тұрған ежелден «желім ауыз, жез таңдай атанған қайрақтай қара. қатын Құраластың үйіне ойбайлай кірді. Б.Қыд.