Posted in

ЖЕЛКЕСІ (МОЙНЫ) ЖАР БЕРМЕЙДІ

Әлде бір іске құлқы жоқ. ~ «Халықты мәңгүрт еткің келсе, өмірбаянын ұмыттырып, қайта-қайта жаздыра беру керек», — деген екен бір мықты. Біз соған дәлелміз. Музей жасау, тарихымызды жинақтау дегенге желкеміз жар бермейді. Ф.Оңғ. ~ Ауылда да жұмысқа желкесі жар бермейтін, бойында грамм намысы жоқ осындай еркектер бар. Ә.Асқ. ~ Табиғат аясына шығып этюд жазуға шабыт жоқ, кітап оқуға да желке жар бермеді. Көкірегім бос, көңілім көр, басым бақадай, дүниеде ешкімге керексіз жандай бойымды күйреуік күй билеп кетті. Ә.Асқ. ~ «Құрыш қалай шынықтыны» оқыдың ба? — деп сұрайды. — Жоқ, мен көркем әдебиет оқитын кісімін. Ондай техника жөніндегі кітапты оқуға мойным жар бермейді. “Ел аузынан”.