Сырт айналды, жонын көрсетті. ~ Көкенайдың «Жасыл орақ» кәмпәниясының соңы бірдеңеге ұрындыратынын құрғыр іші сезген Бақан — әттең, тілі болса жақсылап бір сыбар еді – “атаманын” көзбен атып, ызбарланып жатыр. Анау өкпелеген кісіше бұған желкесін беріп тоң-торыс… С.Сағ. ~ Сұранышов желкесін беріп теріс қарап отырған күйі жіңішке дауысы ызыңдап. — Рас… Өтірік емес, — деді Шеге дүңк етіп. С.Ел.
