Ту сыртынан келді, үстіне шықты. ~ Қорғаныстағы бұл топқа Ловать өзенін бойлай тартылған бекініс шебінен Торопецке қарай дұшпанды өткізбеу, сөйтіп оларды алдымен Великие Лукиге, одан кейін Невельге шабуыл жасап жатқан әскерлердің желкесіне шығармау міндеті жүктелді. Ә.Нұрш. ~ Анда-санда бір лүп еткен желден ауыл сыртындағы қалың шидің үкісі болар-болмас желбірейді. Сэр Роберт пен қосшы жігіт елден оңашаланып, іргедегі жатаған жотаның желкесіне шықты. Т.Сәу. ~ Екеуіміз сиыр түстің кезінде Тасжарған өзенінен өтіп, Мыңжылқы қазынасы үңгірі жатқан жалама жартастың желкесіне шықтық. К.Сег.
