Posted in

ЖЕМСАУЫ БҮЛКІЛДЕДІ (ЖЫБЫРЛАДЫ)

Бірдеңе дәметті. ~ Бір кезде өздері былғанған қара қанға енді қазақтардың қолын малмақ қой. Сонда тапқандары Батыр сұлтан боп шықты. Сұлтанның сонда бір кезде өзі қашып кеткен таққа қайтадан жемсауы бүлкілдей бастағаны ма? Ә.Кек. ~ Бұл аймақта көзге сүйелдей көрініп отырған жалғыз мен емес. Ел істеген тірлікті мен де істедім. Сендердің де құлқындарың мәлім. Жемсауларың бүлкілдеп отырғанын да білем. Б.Мом. ~ Елдің жартысы жаудың боданында, жердің жартысы жаудың табанында жатқанда ауыз біріктіріп, аруақ қоздырар тізгін ұстау неге керек болмасын! Ондай атаққа «Арқар» ұрандының қайсысының жемсауы жыбырламай жүр дейсің. Бірақ бәрі сенен сескенеді. Ә.Кек.