Posted in

ЖЕҢ ІШІНЕН (ҰШЫНАН) ЖҰДЫРЫҚ КӨРСЕТТІ

Ашуын, өшпенділігін жасырып көрсетті. ~ Оны мен күремегенде, кім күреген? Өй, өз атаңның ауызын:..» деді ішінен ызаланып Атымтай. Бұл Атымтайдың «жең ішінен жұдырық» көрсеткені болды. Қақпа ашық. М.Дәул. ~ Жазаларыңды құдай берсін! Большевиктер берсін! Еншалла, өздерің де енді көп ұзамассыңдар. — Жең ұшынан жұдырық көрсету осы болады!— деді зергер Мұса Қарымсақтың қасына келіп, шақша сұрап. — Мені айтасың ба?— деді Қарымсақ. М.Дәул.