Posted in

ЖЕҢ ҰШЫНАН (ІШІНЕН) ЖАЛҒАСТЫ

Ымы-жымын білдірмеді, астыртын айла жасады, ауыз жаласты, жемқорлыққа барды. ~ Сауда білмегені – елдің соры боп жүр. Соның салдарынан малын мал базарындағы «бедек» аталатын жең ұшынан жалғасатын жалдаптарға өткізеді. Қ.Тол. ~ Әрі Сырдарияның құйылысында жиырма шақты ауыл қарақалпақ бар… Мүмкін Жаңадариялықтармен жең ұшынан жалғасып жатқан шығар. З.Шүк. ~ Дүкенге азын – аулақ бірдеңелер әкелінсе жең ұшынан жалғасып, қолы жеткендер бөлісіп алады. Ал басқа жұрттың жан сақтап, абиыр жауып отырғаны алыс та болса, Алматының арқасы. Б.Соқп. ~ Қайын атасымен жең ұшынан жалғаса, тізелесе қимылдап Семей уезіндегі болыс атаулының алдына түсті. О.Бөк. ~ Қайдағы той?! — деп Глухов дүрсе қоя берді. Отавина жұмған аузын аша алмады. — Жең ішінен жалғасып бітіре қоятын нәрсе еді. Той дегенді қайдан шығарды. В.Шук. ~ Осы кезде Тепекбаевтар да қол ұшын беріп әділеттік айтқан адамға өкіл бала бола кеткісі келгендей жайы бар. Бірақ қызметіне орналаса алмай, жүдеп жүрген адамға кім жең ұшынан жалғаса қойсын. Б.Қыд.