А) Ұшып-қонба, не нәрсеге де жеңіл қарайтын, жеңілтек кісі. ~ Жұрт Жалауды шағын денелі болса да өткірлігіне қарап «қаршыға» дейтін де, әкесінің жеңіл мінезді, арық кішкене денелігіне қарап «шыбын» дейтін. Ә.Әб. ~ Содан да болар жаңа ғана мына қызды жеңіл жүріске салынған жолбике деп оған жирене қараған ол бір сәтте аузы ашылып, аңырап қалып еді. Х.Ерғ.
Ә) Суық жүріске бейім. ~ Практикант болсам да, тәрбиеші деген атым бар. Оны ұмытуға, ұстаздық беделіме нұқсан келтіруге болмайды деп қарадым. Бір ауыз да қиғаш сөз, жеңіл мінез сездірген емеспін. Б.Соқп. ~ Жылыойға бізбен бірге барған Қилыбай деген болды-ау. Жасы сол кезде елуге жақындап қалған егде кісі. Өзі жұмысқа қырсыздау, қыз-қырқынның маңын көп төңіректейтін жеңіл мінезді жылпос. Ү.Жәл.
