Жауды жеңіп, жеңісін салтанатты түрде жария етті. ~ Енді-енді жеңіс дабылы қағылғалы тұрғанда екі қырдың астынан түріктердің кілең арғымақ ат мінген қара дүлей қалың қолы шыға келді де, әп-сәтте казактарды қаумалай қоршап алды. М.Кәр. ~ Мындаған тұтқын, бес жүзден астам жүк толы арба ойраттардың қолына түсті. Ұлы бесінде Қалдан Бесоқты ханның жаршысы даланы дүбірлетіп жеңіс дабылын қақты. C.См.~ Колчактан бастап бар «үкімет» мүшесіне жалған ақпар беріп …жеңіс дабылын қағып жұртты желіктіріп, әуейілеп болды деп ойлайтын. Ә.Нұрп.
