Posted in

ЖЕР-ЖЕБІРІНЕ ЖЕТТІ

Жерден алып, жерге салып ұрысты. — Жұрымың құрғыр-ау! Оны неге тастап кеттің? Қасқыр жеп қойса қайтесің, — деп, қойшы қоңқылдап, жер-жебіріне жетті. Ж.Айм. * Тағы бір сағаттарда Абай ишан, имам, халфе, хазіреттермен олардың өз тілінде сөйлеседі. Жер-жебіріне жете, ызалана соқтығады. М.Әу. ~ Бағып жүрген қойым үкіметтікі, жұма сайын жаңа көйлек киетіндей ақшаны қайдан алам? Есің дұрыс па, не деп айтып отырсың осы сөзді?» — деп жер-жебіріне жететін-ді. З.Шаш. ~ Сөйтіп, бозөкпе жуастығынан тез арылып, көкперіленіп шыға келген Мәлике атой салып шаң боратқан тергеуге алып, Боранқұлдың жер-жебіріне жетсін. Ғ.Біл. ~ … – осындай жайларды сезе қалған Шепе сол істі тапсырған адамдарын жер-жебіріне жете тілдеумен қатар, көбін сілейте сабап алады. С.Мұқ. ~Тәжігүл ентіге дем алып, қолындағы қисық сапты айырын сүйретіп, әлгі ала мойнақ төбетті жер-жебіріне жеткізе қарғап-сілеп, бермен қарай келе жатты. Т.Берд. ~ Олардың өйтпесіне болмады. Өйткені ортасы тай шаптырым екі ауылдың арасында Шемишев пен Қамысбаев солардың жер-жебіріне жеткен-ді. Б.Қыд. ~ Доктор шылымын тұтатты. Шылым тұтап тұрған кезде, қатынның жер-жебіріне жетіп, басын іштей айтқан бір ән ырғағына төңкере шайқап, әлденені ойлады да отырды. А.Чех. ~ Бақша иелері ондай жүрген-тұрғандардың жер-жебіріне жетумен болады … В.Шук.