Posted in

ЖЕР (ЖЕРДІҢ) ТАНАБЫН ҚУЫРДЫ (ҚУСЫРДЫ)

Алыс жерді заматта жүріп өтті д.м. Жүйрік ат, жүрдек көлік туралы. ~ Мақтау сөздер шабытымды одан бетер тасытты. Жер танабын қуырған тарлан бозша бауырым еркін жазылып, нағыз бабыма түсе бастағандаймын. Б.Соқп. ~ Жалдап алған жеңiл машина алыс оңтүстiктегi қаланы бекте алып, жер танабын қуыра түскен сайын бойым жеңiлденiп, iштей рухтана түстiм. Ж.Шағ. ~Пойыз болса жердің танабын қуырып, рельсті тарсылдатып келе жатты. Қоламса күйік иіс мүңк етіп, аждаһа леп бұрқ соқты. Ш.Айт. ~ Сол-ақ екен, бойын билеген ессіз желік екіленіп, қоңыр кештің тылсым түкпірін бетке алып, жортып бара жатты. Тақымындағы ақтабан ат жер танабын қуырып, түн жарымынан ауғанда межелі жерге іліккен. Қожекең кәнігі қандыбалақ ұры еді. Ж.Баш. ~ Көзімді ашқалы бері жамандық арғыма түсіп наруанға мініп қуып келеді, мен жер танабын қусырған тұлпарға мініп, қаша ұрыс салып бара жатқандаймын. Б.Қыд.