Жаза ретінде туған жерінен аластатылып, қиыр шетке айдалып келді. ~ Абай өлендері жазылған бір дәптерді Қарқаралы жағынан жер ауып келген бір жігіттен қоярда-қоймай сатып алғанын айтты Серкеш. М.Әбд. ~ Алдыңғы партаға құйрық басып, ақын болам деп бола алмай, ғалым болам деп қорғай алмай, арпалысып жүріп, қиян түкпірдегі шүйкедей ауылға «сенімсіз кісі» аталып, жер ауып топ ете түскен «қиын кісіге» құлақ қояды. Д.Дос. ~ Кейін білдім, соғыс жылдарында бұл бөлмеде Мəскеуден уақытша жер ауып көшіп келген Константин Паустовский тұрыпты. З.Қаб.
