Posted in

ЖЕР ЖЕРІНДЕ, ЖЕКЕН СУЫНДА

Әркімнің өзіне қымбат туған жері хақында. ~ Ал ұя басқан үрпек бас үйрек қырдағы боз жусанның түбінде. Жалғыз бұлар емес, құс біткеннің бәрі жер жерінде, жекен суында жүр. Ендігі қызық ертең басталады. Ол — көлдің ішіндегі ойнақ… Х.Ес. ~ Апыр ау, ер мінезді, ер көңілді бір адамның шықпағаны ма бұл? — деп Сәуле Олжайға қарап еді, ол төмен қарады: — «Жер жерінде, жекен суында» деген ғой, — деді ол міңгірлеп. — Өзіміз өз жерімізде жүргенде аспанның құсы, жердің тағысын құтқармайтын атақты аңшы едік. Амал бар ма? — деді ауыр күрсініп. Ә.Әб.