Posted in

ЖЕР ҚАПТЫРДЫ

а) Алып ұрды, өлтірді. ~ Атыңдар! – деп бұйрық берді де, Жоламан садағын шірене тартып жіберді. Бірақ сәл кешіккен екен, жебе ентелей ұмтылып келе жатқан шолақ құйрық тор атымен Қара Бураның алдын көлегейлей берген жай сыпайлардың бірін жер қаптырды. І.Ес. ~ Шеріктерге ілесіп, жендеттік істеген «тамыр қытай» бастаған жергілікті қытайларды да өз қолымызбен жер қаптырдық. Ж.Шәк. ~ Осындай боранның бірінде Бірішек арлан жылқыға тиіп, буаз торы биені жер қаптырған. С.Жүн.
ә) Алдап кетті, жерге отырғызып кетті. ~ Ойбай-ау, ол белгілі бес бике, аңқау жұртты жер қаптырған алдауыш, һаяр емес пе. О.Сәрс.