Қарттықтың ауылы алыс болса да, жасы біршама ұлғайып қалды. ~ … үй көлеңкесінде қатын-қалаш, қыз-қырқын жүн түтіп, түбіт иіріп, іс тігіп уақыт оздырар еді; жер ортасы болған адамдар, нақ мынадай ыстыққа көйлекшең, дамбалшаң, аяққа мәсіні я киіп, я кимей, елтірі бөрікті жымқыра киіп, пысынап, терлеп, шаппа шотпен тықылдатып ағаш шауып отырар еді… Б.Майл. ~ Өнерінің көзі ашылмады дейтін жас та, жағы түсіп, сүйегі қаусаған кәрі де емес. Жер ортасына жақындаған жасамыс. Кім біледі, жаны тыншымай, бас сауғалап жүрген жан ба? Қ.Тол.
