Posted in

ЖЕР ТАЯНДЫ

а) Қолымен жер тіренді. ~ Қанатын қаршыға күйретіп, қиқайған қостың алдында бір қолымен жер таянып, аспанға қарап отырған сұқсұрдың налыған зарын тәңірісіне жеткізем дейсіндер ме? Бұлттар-ау, серпілсеңдерші! Ж.Айм. ~ «Ел тарихын жоққа шығарған бүлік мақаланы тойлап, арақ ішпексіңдер, өңкей құл-құтан сорлылар! Ойбай-ау, жер таянып отырып даусың жеткенше жылау керек!..» – деп оны да қуып шықтым. М.Сәрс.
ә) Қартайды, әл-қауқарынан айрылды. ~ Мен “мимнан” бір сәлем хат “жым” ініме Шырағым, ант амансыз, нан тіліме.
Отырмын бұ жалғаннан үзіп күдер, Жеткен соң жер таянған мезгіліме. М.Ж.Көп. ~ Ұят болды- ау! – деді Қалиасқар. –
Жетпіске жетіп, жер таянған шағында әңгімелі болғанын қарашы мына шалдың. Ә.Асқ.