Posted in

ЖЕРДЕН БАСЫН ЖҰЛЫП АЛДЫ

Басын оқыс көтерді; елең ете қалды. ~ Үйірінің орта шенінде жайылып келе жатқан қалың жалды баран айғыр жерден басын жұлып алып, құлағын Бақтығұл келе жатқан жаққа тіге қойып, елең етіп оқыранып жіберді. М.Әу. ~ Келіншек үркектей жерден басын жұлып алды, арбадан жүз қадамдай сай жиегінде жайбарақат шөпті тілімен орай шалып жүрген өгізді көріп, көңілі көншіді ме; алаңсыз қайта қисайып, көзін жұмды. М.Сүн. ~ Сөйтсек әлгі неменің боқтап тұрғаны – құлақ тескен ащы дауысқа жерден басын жұлып алып, маңқ- маңқ үрген кәрі төбеттің бауырына тығылып ойнап отырған бес- алты жастардағы шартыққарын інісі екен. Ж.Қорғ.