Біреудің аяқ астынан көрсеткен орынсыз қылығы, жөнсіз ісіне қатысты айтылады.~ Қат-қабат шаруа мен қуанышқа толы күндері Елтай: «Тон қайдан келді?» деп қазымырланса, онысы әр жері тесіліп, қайнай бастаған қазанға ас орнына тас салғандай қиыспайтын қылық, жерден жік шықты, екі құлағы тік шықтыға саятын жарамсыз қылық. М.Қаб. ~ Үш ұлыс – Қалжыр, Кендірлік, Қара Ертістің мыңғырған малы үшін көп ақша төлеуге көнбеген жігіттердің біреуін және бірнеше жылқыны атып тастапты. – Әй, нәлеттер-ай, «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деген осы-ау. К.Сег.
