Posted in

ЖЕРІ КЕҢІДІ

а). Көксеген арам ойына қолы жетті, біреудің обалына қалып, өз дегенін қылды. ~ Бұл да көптен мол тамақтың ішінде өсіп, өзінің де іші өсіп, бордақыға байланған малдай жеп-ішіп, жері кеңіп қалған адам. І.Жанс. ~ Не боп қалды сонша күңіреніп. Құрдас аман ба өзі, әйтеуір? – Аман. Жау алушы ма еді ол зәнталақты! Айра-жайра боп отырған шығар жері кеңіп! – Жері кеңігені қалай? – деді Қосымхан тақымдап. – «Жилплощадыңды» өзгертіп жіберіп пе едің? Т.Сәу.
ә). Өмір сүретін кеңістігі үлкейді, өрісі кеңейді. ~ Жоңғар хандығының күлі көкке ұшып, қазақтардың жері кеңіп, ата-қонысын қайта іздеп, Алатау, Алтай баурайына, Ертіс пен Іле бойларына өрісін жайып, салқын тау, самал көл жағаларына мыңғыртып мал бағып, алаңсыз өмір сүріп жатты. С.Ақт.