Posted in

ЖЕРІНЕ ЖЕТЕ

Барынша, толықтай. ~ Айтқожаның ожыраңдай бір нәрсені айтып қалғаны болмаса, қолын қоянға көтермейтін сужүректігін жеріне жете білетін қу бала Жұмабек күлімдей … С.Бег. ~ Жыл бойы оны да, өзімізді де қажау-қайраудан жалығыппыз, қыз сыйлау ғылымынан білетін бар өнерімізді құлшына көрсетіп, жеріне жете тауысып жаттық. М.Қаб. ~ Шылым түтіні көзге шалынған жоқ: жеріне жете қызған ауа қолма-қол ерітіп, сейіліп, жоққа айналып кетіп жатыр, Жақ еті бүлк-бүлк ойнайды. М.Қаб.