Posted in

ЖЕТІ АТАСЫН КӨРДІ

Неше түрлі қиындықты басынан кешірді д.м. ~ Шегенің үстіне жатқызып, жалаңаш етіне дүре соқты. Екі қолын артына қайырып байлап аспаққа асып тастады. Сақалынан сүйреп, ұрып, соққыға жықты. Қорлықтың жеті атасын көріп жатқан. Т.Рыск. ~ Кейін, міне, машинадан түспейтін болып, жаяу жұмысты ұмыттық. Креслоға жабысқан соң ауру-сырқаудың жеті атасы бой көрсете бастады. Б.Тоғ.