Posted in

ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛЕДІ

Қазірше айтқанда – полиглот. ~ Нұртаза шырағым, ол сенсіз де талай елді, тәмам жерді шарлап, өз аяғымен жүрген, жеті жұрттың тілін білер оқыған азамат. С.Жүн. ~ Айғанымның ең сүйікті немересі Шоқанның тәрбиесіне сіңірген еңбегі өз алдына бір төбе. Қазақ ойының жарық жұлдызы болашақ ұлы ғылым бес жасында хат танып, жеті жаста жеті жұрттың тілін білсе, ол тікелей әжесінің әсер–ықпалы. С.Ақт.