Желеп-жебеуші, қолдаушы жеті пір. ~ Мал шығармай далаға, Ел шығармай салаға, Жау бетінде жад қылып Жеті кәміл бабаға… “ҚҚҚ” ~ Он сегіз мың ғаламның Он бесі бар қасында, Жеті кәміл бабасы Келді жетіп қасына: «Ояумысың, Қобланды, Ұйқыдамысың, Қобланды? “ҚҚҚ”. ~ Қысылған жерде дем берер Ықлас ата, Шашты Әзіз, Жеті кәміл пірім-ай, Сарт болып-ақ кеттің бе? “ҚҚҚ”. ~ Қайғы тартқан еліңе Сатамысың теріңді? Үстіңе келген дұшпанға
Көрсетсейші көрімді. Жалған айтар дей көрме Жеті кәміл піріңді!» “ҚҚҚ”
