Жаратқанға жалыну, әдетте қасқырға телінеді. ~ Қасқыр да табиғатында ұры мақлұқ. Ол қырға шығып алып ұлиды екен дегенді естіген боларсыз. Сонда ол «жеті күн жерден бер, жеті күн елден бер» деп құдайдан тілеу тілейді екен демей ме. …Ал ол құдайдан екі бірдей жағынан сұрайды екен. Ол бізден артықтығы. Неліктен дейсіз ғой. Өйткені ол «жеті күн жерден» деп тілегенде жерден қағатын тышқан, сары шұнақ, тағы басқаларын айтса керек. Ал «жеті күн елден» дегені жұрттың малын ұрлауы. Сонда қасқыр екеш қасқырдың да ырзық терер өрісі бізден гөрі кеңдеу болды ғой. Б.Қыд. ~ Әлдеқандай бір өлексенің иісі сезіледі. Қай жақта екен. Ол қайта тұмсығын аспанға қаратып, құдайдан тілек тілеп ұлығысы келді. Ата-баба салты. «Жеті күн жерден бер, жеті күн елден бер!» Кім береді, қайтіп береді? Б.Қыд.
