Posted in

ЖЕТІ ҚЫРДЫҢ АСТЫНДАҒЫНЫ КӨРЕДІ (БОЛЖАЙДЫ)

Көз жетпес алыстағыны, жер түбіндегіні біліп отырады. ~ Бұл жағдайды Ши– амбы сезбей отыр дейсің бе, жеті қырдың астындағыны болжайтын көреген құмалақшыдай, ол да бәрін алдын ала екшеп біліп отыр. Қ.Жұм. «Құралайды көзге ататын мерген екен!», «Дүрбісімен жеті қырдың астындағы қыбырлаған тышқанды көреді екен!» деген сөздер тараған. Т.Әл.