Posted in

ЖЕТІ ЫҚЫЛЫМНАН

Атам заманнан, тарих қойнауынан. ~ Бүлікші қасқа да, бүлінген басқа екен ғой. Шабылған елдің жұрт сабылтқан күнәсі бар емес пе? Оны неге бүгесің? Азбын деп алдарқатпа, ала алмадым деп әлсіздігіңді ғана айт. Жесір дауы, жер дауы – жеті ықылымнан келе жатқан жеткізбес дау. С.См. ~ Жеті ықылымнан жеткен Жібек жолы біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасырдың ортасында қытайлық Чжан Цзяньның саяхатымен басталған көрінеді. Оның отанынан жырақтап сапарлауы әрине тегін емес. Т.Бат.