Posted in

ЖЕТІМ БОТАДАЙ БОЗДАДЫ (ҚАЛДЫ)

Зар жылады, өксіді, мұңға батты. ~ Саусағы басар сәуленің, Толқынды уақыт пернесін. Айдынға сынып батады ай, Толқынға емес тұншығар. Боздаған жетім ботадай, Кеудемнен қобыз үн шығар. Қ.Бұғ. ~ Жұлдызды шақты Ұмытқаның ба оп-оңай? Жанарымызда жанушы еді ғой, От, арай. … Жүрегі құрғыр, Елеңдеп әлі жол жаққа Боздайды жетім ботадай… Қ.Жәл.~ Жанарың ойнап, оған да “Күнім” дейсің бе, мені құшқандай, денеңмен дірілдейсің бе? Оңаша сәтті онымен армандайсың ба, ол жоқта жетім ботадай қалғандайсың ба? Ф.Оңғ.