Posted in

ЖИДЕЛІ БАЙСЫН ЖЕР

Оты мол, суы мол, шұрайлы, жанға жайлы киелі мекен. ~ Бұрынғы өткен заманда, Дін мұсылман аманда, … Жиделі Байсын жерінде, Қоңырат деген елінде Байбөрі деген бай бопты, Төрт түлігі сай бопты. “Алпамыс б.” * Әлде жеріп бәрінен жиделі байсын жер іздеп, шұбап кеттіңдер ме бір жаққа? Жер жегісінен безіп, шошынып?! Е.Зей. ~ Аралбай бабамыз 1670 жылдардың бас кезінде Жиделі Байсын жерінде, Қаракесектің Тәңірімбердісінің бес Назарының бірі — Алданазардың шаңырағында нәресте іңгәсімен шыр етіп дүниеге келіпті. С.См.